Соңғы күндері Қарағандының жедел қызметтері жалған ақпарат таратушылардың кесірінен үш рет аяқтан тік тұрды

ҚАРАҒАНДЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Соңғы күндері Қарағандының жедел қызметтері лаңкестік актілер туралы жалған ақпарат таратушылар кесірінен үш рет дабыл қақты. Бұл туралы бүгін Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Бүгін түнгі сағат 02.30-да ІІД Жедел басқару орталығына ұялы телефоннан қоңырау шалынды. Ер адам 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтерді жарып жіберемін деп қауіп төндірген. Анықталғанындай, алкогольді ішімдікке мас болған 32 жастағы еркек өзінің қайын енесін қорқытпақ болған», - делінген облыстық ІІД облысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, жарылғыш затты іздеген кезде үйден 37 адам қауіпсіз жерге шығарылды.. «Арнайы мамандар ғимаратты қарап шығып, ешқандай бомба таппады», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінде.

Осыдан бір күн бұрын автокөлік сататын базарда жарылғыш зат ізделсе, оның алдында қаладағы мектептердің біріне бомба қойылды деп дабыл қағылған. Бірінші оқиғада мас болған 24 жастағы жігіт, ал екінші оқиғада 13 жастағы жетіншісі сынып оқушысы жалған ақпарат таратқан болып шықты.

Осы оқиғалардың барлығына қатысты «Лаңкестік акт туралы жалған ақпарат тарату» туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 242 бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Ал осындай «қалжыңбастар» ҚР Заңы бойынша 200 айлық жалақы мөлшерінен 500 айлық жалақы мөлшеріне дейін (302 400 теңгеден 756 000 теңгеге дейін) айыппұл төлеуі, ал ең ауыр жаза ретінде бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін, дейді полиция қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар