Соңғы он жылда көлік-коммуникациялық кешеніне 9,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы бағытталды - Б.Қамалиев

ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Соңғы он жылда көлік-коммуникациялық кешеніне 9,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы бағытталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Көлік күндері аясындағы «ТРАНСЕУРАЗИЯ-2011» 8-ші Халықаралық конференциясында сөйлеген Көлік және коммуниакция министрі Берік Қамалиев мәлім етті.

«Мемлекеттің ішкі жалпы өнімінде көлік саласының үлесі осы жылдары орташа алғанда 9 пайызды құрады. Соңғы он жылда көлік-коммуникациялық кешенді дамытуға 9,5 млрд. АҚШ доллары құйылды. Көлік саласына 4,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде халықаралық қаржы институттарынан заемдар тартылды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, осы жылдары тасымалданған жүк көлемі 2,5 млрд. тоннаға немесе 1,8 есеге артты. Қызмет көрсетілген авиажолаушылар саны 6 млн. жолаушыға дейін немесе 5,5 есеге көбейді. Ал теміржолдың өткізу қабілеттілігі 260 млн. тоннаға дейін артты.

Соңғы жаңалықтар