Соңғы уақытта туа бітті жүрек демікпесінің ең ауыр түрлері көбейді - ҚР ҰҒА академигі Камал Ормантаев

АЛМАТЫ. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Том кардиохирургия институты жылына Қазақстаннан туа бітті жүрек демікпесі диагнозымен келген 100 балаға операция жасайды. Емделушілердің көпшілігі - сырқаты ауыр пациенттер. Бұл туралы бүгін Алматыда тұсауы кесілген "Балаларға өмір сыйла!" деп аталатын қайырымдылық туралы түсірілген деректі фильмде Том қаласының кардиохирургы, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Кривощеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, Том қаласы кардиохирургтері екі жылда бір рет Алматы қаласында кеңес беру қабылдауын өткізіп тұрады. "Туа бітті жүрек демікпесімен дүниеге келген балаларды бірінші жылында, тіпті бірінші айында операция жасау керек. Жасалмаса, бірінші жылы балалардың 80 пайызы дүниеден өтеді. Салмақ жинауын күту керек деген сөзге сенбеңіз, ондай диагнозбен дүниеге келген бала салмақ жинай алмайды. Сондықтан Қазақстаннан асқынып, баланың жағдайы ауыр болып кеткен кезде келеді", деді ол.

Ол сонымен қатар, "Біз жоғары технологиялар заманында көмектесе алатындығымызды біле отыра, қорғансыз балаларға көмектеспеуімізді әділетсіздік деп санаймыз. Сондықтан біз әрқашан көмегімізді беруге дайынбыз", деп атап өтті Евгений Кривощеков.

"Көптеген аналар, жүкті әйелдер анемия ауыруымен ауырады, әсіресе ауылды жерлерде тұратындар. Көпшілігі дұрыс тамақтанбайды. Денсаулығы жоқ анадан ауру бала дүниеге келеді. Соңғы уақытта туа бітті жүрек демікпесінің ең ауыр түрлері көбейді. Балалар өлімі көбейіп, үшінші орыннан екінші орынға шықты", деп атап өтті ҚР ҰҒА академигі Камал Ормантаев.

"Жүрек демікпесі диагнозымен дүниеге келген балаларға жедел түрде операция жасау керек. Бізде ондай мүмкіндіктер жоқ болғандықтан біз олардан айырылудамыз", деді №1-ші перзентхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Сұлушаш Сасаева.

Астана қаласы Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың директоры, медицина ғылымдарының докторы, Абай Байгенжиннің айтуынша, шет елде жасалынатын операцияны біздің ел де жасай алады. "Бірақ, біздің қабылдайтын орын шағын болғандықтан қабылдауымыз шектеулі, 32 орын ғана бар, сондықтан 450 операция жасаймыз. Біздің орталыққа сондықтан, кезекке тұрған адамдардың саны өте көп", деді ол.

Астана қаласының кардиохирургы, медицина ғылымдарының кандидаты Юрий Пяның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шарты бойынша, орта шамамен алғанда 16 мың операция жасалынуы керек. "Ал Қазақстанда жоғары шамамен алғанда 2-3 мың операция жасалынады. Біздің елдің кардиохирургия саласы енді ғана дамып, жолға түсіп келеді, сондықтан осындай мәселелер бар", деді ол.

Соңғы жаңалықтар