Соңғы жүз жылдықтағы климаттың өзгеруі адамзаттың белсенді қызметінің арқасында орын алды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Климаттың өзгеруіне қатысты 40 жылдан астам уақыттан бергі болжамдар ғылыми түрде дәлелденді.
None
None

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан " Төмен көміртекті даму: стратегиялық тәсілдер және нақты шешімдер" деп аталатын ұлттық конференцияда айтылды.

Алқалы жиынды Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырды. Бұл шара олардың "Қазақстандағы стратегиялық жоспарға климаттың өзгеруі мәселелерін біріктіру арқылы орнықты даму саласындағы әлеуетті арттыру" деп аталатын бірлескен жобасының аясында өткізіліп отыр.

"Бұл мәселенің қаралуы біз үшін өте маңызды. Біз не жасаймыз, қандай бағытта жүреміз дегенге пікір алмасу ғана емес, ұсыныс-өтініштер қабылдау. Алғашқы кезекте Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасына алғыс айтқым келеді. Олар 10 жылдан астам уақыттан бері климаттың өзгеруі, "жасыл экономика", энергия тиімділігі жүйесін дамыту сияқты көптеген салалар бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізіп, маңызды құжаттар әзірлеуге атсалысты", дейді ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасова. Оның айтуынша, климаттың өзгеруі қазір әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі боп отыр. 2009 жылы наурыздың 26-сы күні Қазақстан Киота хаттамасын бекітті. Сондай-ақ өзіне мемлекеттік, салалық және кәсіпорындық міндеттеме алып оны орындайтынын мәлімдеді. Мәселен, 2009 жылы қарашада Барселонада Қазақстан Үкіметі ауаға таралатын көмірқышқыл газын қысқартуды 2020 жылы 15 пайыз, 2050 жыл 25 пайызға азайту туралы міндеттеме алатынын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар