Соня Жиенбаева Испаниядағы жарыстың финалында өнер көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының мүшесі, әлемнің 738-ракеткасы Соня Жиенбаева Оренсе (Испания) ITF W75 турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда 327-ракеткасы, жапониялық Рина Сайгомен кездесті.
Бірінші партияда С.Жиенбаева айқын басымдылық танытты – 6:1.
Екінші сетте тай-брейкте Соня таразы басын аудара білді – 7:6 (7:5).
Бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.
Осылайша, 20 жастағы Соня Жиенбаева финалда әлемнің 442-ракеткасы, болгариялық Изабелла Шиниковамен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Торонто турнирінің төртінші айналымына өткенін жазған едік.
Сондай-ақ Астана турнирінде Дамир Жалғасбай мен Асылжан Арыстанбекова финалға шығу үшін таласады.
Соня Жиенбаева Испаниядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды.