Сөрелерде туристерге арналған бөлек баға енгізіле ме – министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында жергілікті қонақүйлер мен тамақтану орындарында туристерге арналған баға енгізу мәселесіне пікір білдірді.

Инфляция в Грузии: сильнее всего подорожали одежда и продукты
Фото: Daily Express

- Шетелде екі түрлі баға болады. Бірі – туристерге арналған, екіншісі – жергілікті тұрғындарға арналған. Қазақстан осындай жүйе енгізіле ме, - деп сұрады журналист.

Министр бағаны қолдан белгілеу болмайтынын айтты.

- Қонақ үйлер мен тамақтану мәселесіне келсек, бизнес бағаны өздері қояды. Мезгілге байланысты ғой. Көп өңірде туристік маусым 2-3 ай ғана. Қаражат жетіспеушілігіне байланысты бағасын қояды. Бұл енді халықаралық практика. Мемлекет ол жерге бірден кірісе алмайды. Біз өз тарапымыздан бизнесті қолдау, инфрақұрылымды жақсарту есебінен бәсекелестікті арттыру көзделіп отыр. Жергілікті әкімдікпен бірге туристерге қызмет көрсету стандарттарын енгізіп жатырмыз. Бұл сервис сапасын көтеруге арналған. Бәсеке пайда болған сайын баға тұрақты болады, - деді Ербол Мырзабосынов.

Бұған дейін Туризм проблемаларын шешуге жауапты Жедел үйлестіру кеңесі құрылатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар