SOS дабылына 107 жыл толды

1890 жылы радионы ойлап табуға дейін теңіз кемелерінде әртүрлі апат двабылдары қолданылды. Ол үшін семафор жалауы, дабылдық от және қоңырау пайдаланылды.
Радиода алғашқыда Морзе әліпбиі қолданыла бастады, кейіннен кемелерде радиостансалар пайда болып, коммуникацияларды стандарттау қажеттігі туындады.
Алғашқыда CQD әріптерінен тұратын дабыл белгісі ұсынылды, оның алғашқы екі әрпі бүкіл радиостансалар үшін стандартты шақыруды біледі, ал соңғы D әрпі ағылшынша Danger (қауіп) деген сөздің бас әрпі болып табылады. Теңізшілер "Come Quick, Danger" деген сөздерді қолданды, бұл «Тезірек жетіңіздер, қауіп!" деген ұғымды білдіреді. Бірақ бұл әріптерді Морзе әліппесіне түсіру күрделі болды. Сондықтан да басқа дабыл белгісі - SOS таңдалды.
1999 жылдың 1 ақпанынан бастап, барлық теңіз кемелері GMDSS апаттық дабылын қолдануы тиіс болды. Осыған байланысты SOS белгісінің маңызы кемігенмен, ол әлі де қолданыста.