Сот аса ауыр қылмыстарды жасауда айыпталып отырған Қарағанды облыстық ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасарының қамауға алынуын тағы бір айға ұзартты

«Айыпталушы К.Атағұловтың қамауға алыну мерзімін үш айға, 2013 жылдың 22 сәуіріне дейін ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылсын», - деп жариялады Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық сотының қаулысын судья Қарлығаш Нұрмағамбетова.
Судья прокурордың бірқатар тергеу әрекеттерін өткізу қажеттігі туралы дәлелдерімен келісті.
«Атағұлов қасақы ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда айыпталуда», - деп атап өтті судья.
Осы екі арада К.Атағұловтың қорғаушылары өздерінің қорғауындағы азаматтың қамаудан шығарылуын сұрады. Қорғаудың пікірінше, тергеу әрекетінің сөзбұйдаға салынуына жол берілуде. «Аталған қылмыстық істің тергеліп отырғанына 5 ай болды. Егер куәгерлер әлі анықталмаса, олардың келесі айда анықталуы екіталай», - деді қорғаушы Юрий Дюжиков.
К.Атағұловты қамауға алудың екі айлық мерзімі 2013 жылдың 22 наурызында аяқталады.
Қорғаушылардың айтуынша, олар аудандық соттың қаулысына апелляциялық инстанцияда шағым бермекші.