Сот Болсонаруды билікті басып алмақ болды деп айыптады
АСТАНА. KAZINFORM — Жаир Болсонару 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін әскери төңкеріс жасау мақсатында астыртын әрекет ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Kazinform тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың бес судьясының үшеуі 70 жастағы Болсонаруды 2022 жылғы сайлауда солшыл қарсыласы Луис Инасио Лула да Силваға жеңілгеннен кейін билікті сақтап қалуға бағытталған астыртын әрекетті басқарды деп тапты. Айта кетейік, Лула да Силва қазіргі таңда президент қызметін атқарып отыр.
Судьялар Болсонару жақтастары 2023 жылғы 8 қаңтарда үкімет ғимараттарын басып алғанымен, бұл астыртын әрекеттің әскери қолдау таба алмағанын анықтады.
Судьялардың бірі Болсонаруды ақтап шықты, ал соңғы судья әлі дауыс берген жоқ. Алайда, экс-президентті кінәлі деп тану үшін жай ғана көпшілік дауыстың өзі жеткілікті. Енді оған ондаған жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Үкім жұма күні шығарылады.
Шешуші дауыс судья Кармен Люсияға тиесілі болды. Ол Болсонаруды барлық бес айып бойынша кінәлі деп таныды: мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға тырысу, қарулы қылмыстық ұйымды басқару, демократиялық тәртіпті күшпен жоюға әрекет жасау және 2023 жылғы 8 қаңтарда Бразилиадағы ғимараттарға шабуыл кезінде мүлікті бүлдіруге қатысты тағы екі айып.
Бұған дейін Бразилияның экс-президенті Жаир Болсонару үйқамаққа алынғаны хабарланған болатын.