«Сот кабинеті» электрондық сервисін енгізу поштаға жұмсалатын бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді - Қ.Жоламанова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисін насихаттау» тақырыбында кезекті семинар өткізілді, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
None
None

Семинарға Ақмола облысының адвокаттар алқасының өкілдері, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің заң факультетінің студенттері, Ақмола облыстық соты кеңсесінің бөлім басшылары мен мамандары, жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Кеңсе басшысының орынбасары Қ.Жоламанова семинар жұмысын ашу барысында «Сот кабинеті» сервисі электрондық байланыс арқылы сотта іс жүргізуді жеңілдетуге, сонымен қатар сот жүйесінің ашықтығына, қолжетімділігіне және тиімділігіне арналған деп атап өтті. Сонымен қатар, жаңа электронды технологияларды енгізу поштаға жұмсалатын бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді, - деді Қ.Жоламанова.

Семинарда Ақмола облыстық соты кеңсесінің мамандары «Сот кабинеті» ақпараттық электронды сервисін пайдаланудың артықшылықтары жөнінде баяндамалар оқыды, сонымен қатар, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электронды құжаттарды сотқа ұсыну тәртібімен таныстырды.

Адвокаттар алқасының өкілдеріне және университеттің студенттеріне «Сот кабинеті» ақпараттық электронды сервисі арқылы соттарға электрондық құжаттарды ұсыну тәртібі жөнінде кітапшалар таратылды.

Кездесу соңында, адвокаттар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды. Сонымен қатар, адвокаттар мен студенттер электрондық сервисті одан әрі насихат жұмысын белсендетуге ниеттерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар