17:46, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Сот «Қарағанды қаласындағы сеантология шіркеуі» діни бірлестігін тарату туралы талапты қанағаттандырды
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданы прокурорының «Қарағанды қаласының сеантология шіркеуі» діни бірлестігін тарату жөніндегі талабын қанағаттандырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Прокуратураның талап-шағымына шіркеу қызметінің Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптеріне қарама-қайшылығы негіз болды, өйткені оның қызметі азаматтардың психикалық және дене саулығына зиян келтіру арқылы халықтың денсаулығын бұзуға бағытталды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Сот прокурорлардың «саентологтар адамдардың санасына әсер ететін медициналық технологиялар элементтерін пайдаланған, бұл жұмысты медициналық білімі жоқ адамдар емдеу мекемелерінен тыс жерлерде жүзеге асырған», деген уәжімен келісті. Сонымен қатар, прокурорлар «шіркеу қызметі жарғылық мақсаттарына сәйкес емес» деп санайды.