Сот ҚР Білім және ғылым министрлігінің Евгений Анды ҚазҰУ-дың проректоры лауазымынан уақытша шеттетуге байланысты бұйрығын заңсыз деп тапты
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылы 26 қарашада Астана қаласы Есіл аудандық соты ҚР Білім және ғылым министрі м.а. М.К. Орынхановтың Евгений Анды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымы міндетін орындаудан уақытша шеттетуге байланысты 19 қыркүйек 2012 жылғы №151-НС бұйрығын заңсыз деп тапты.
Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінен хабарлады.
2012 жылғы 3 қарашада ҚазҰУ-дың проректоры Е.Анға қатысты қылмыстық іс Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылған болатын.