Сот шешімімен жеке кәсіпкер жұмыскерге 2 млн теңгеге жуық қаражатты қайтаратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 2 маусымда қостанайлық Нұрболат Қамысбай жеке кәсіпкер Владимир Лиммен екі жыл мерзімге еңбек келісімшартын жасап, заңгер ретінде жұмысқа орналасқан. Заңгердің қызметтік міндеттері келісімшарт жобаларын дайындау, құқықтық құжаттарға сараптама жасау болған.

Бұл жұмыстарды Н.Қамысбай ерікті жұмыс күн тәртібі бойынша жүзеге асырған. Еңбек келісімшарты бойынша оның еңбекақысының мөлшері 150 мың теңге мөлшерінде белгіленген. Бұл соманың 112 500 теңгесі жалақыны, ал 37 500 теңгесі сыйақыны құраған.

2014 жылғы 2 маусымнан 2016 жылғы 1 қаңтар аралығында жеке кәсіпкер ара-тұра аванс ретінде заңгеріне 10-40 мың теңге көлемінде ақша төлеп тұрған. Қазіргі уақытқа дейін ЖК-нің еңбекақы бойынша қарызы 1 709 711 теңгені құрап отыр.
Н.Қамысбай жеке кәсіпкер В.Лимнен еңбекақысын өндіру туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген.
Істі қараған сот жұмыс берушіден азамат Н.Қамысбайдың пайдасына толық мөлшерде еңбекақысын өндіру туралы шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram