Сот шешімін қасақана орындамаған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сот шешімін қасақана орындамаған Петр Улановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 2009 жылы 23 қарашада БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Жер рестурстарын басқару жөніндегі ҚР агенттігі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы» ММ-нің «Уланов П.С.» ШҚ-на қатысты, Орал қаласы, Садовая көшесі 71, №6 учаске мекен-жайында орналасқан қоршауды бөлшектеу және күзетші үйін бұзу арқылы 0,3681 га жер телімін босату туралы талабы қанағаттандырылған болатын. Соған сәйкес өткен жылдың 10 қаңтарында сот орындаушысы атқарушылық өндіріс қозғады. Қазіргі уақытқа дейін сот орындаушысы «Уланов П.С.» ШҚ басшылығына сот шешімін орындауды талап еткен бірнеше рет хабарлама жолдаса да, ол ескерілмеген.

Сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін сот орындаушысы ҚР ӘҚБтК-нің 524-бабымен «Уланов П.С.» ШҚ-ның басшысына қатысты әкімшілік хаттама толтырып, Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолдаған. 2010 жылы 26 тамызда мамандырылған әкімшілік соттың қаулысымен П.Уланов ҚР ӘҚБтК-нің 524-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Алайда күні бүгінге дейін сот шешімі орындалған жоқ. Сот орындаушысы Б.Испанов биылғы 8 қарашада жасаған актіге сәйкес қоршауды бөлшектеу жартылай орындалған, күзетші үйі бұзылған жоқ, ал жер телімінде автокөлік құралдары тұр.

Осы факт бойынша қалалық прокуратура 15 қарашада «Уланов П.С.» ШҚ басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 362-бабы, 1-бөлімі бойынша (заңды күшіне енген сот шешімін қасақана орындамау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарын жүргізу үшін Орал қалалық ІІБ-на жолданды.

Соңғы жаңалықтар