Сот Т.Ермегияевтен «Астана ЭКСПО-2017» компаниясына 5,9 млрд теңгені қайтару жөнінде үкім шығарды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты Талғат Ермегияевке «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының пайдасына 5,9 млрд теңгені қайтаруды үкім етті.
None
None

«Талғат Ермегияевтен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының пайдасына 5 миллиард 901 миллион теңге 445 мың 90 теңге қаржы алынсын. Тұматаевтан 3 миллион 424 мың 483 теңге, Беркінxоевтен - 10 миллион 273 мың 449 теңге, Омаровтан - 1 миллиард 354 миллион 560 мың 899 теңге, Медеуовтен - 395 миллион 235 мың 47 теңге, Пірметовтен - 202 мың теңге, Дәулетбаевадан - 395 миллион 239 мың 947 теңге 75 тиын алынсын», - делінген сот үкімінде.

Сонымен қатар сот үкімімен Ермегияевтің жеке мүлкі де тәркіленді.

«Мемлекет пайдасына Ермегияевтің иелігіндегі Алматыдағы пәтерді, УАЗ автокөлігін, Алматы облысындағы екі жер телімін, Астанадағы пәтерді, Астана қаласы Тельман поселкесіндегі жер учаскелері тәркіленсін», - деп атап өтті судья.
«Ермегияевтің жеке мүлкі мемлекет пайдасына алынсын: «Самбек» ЖШС-дағы Ермегияевтің 30% үлесін, ТКМ - 30%, «Глобус Алматы» - 50%, «Хозу-транс» ЖШС - 100%, «Рахат-авто» ЖШС - 18%, «Глобус Астана» - 50%, Халық банкіндегі 680 113 теңге, АТФ-Банк 5 600 доллар мен 39 739 еуро, 13 мың еуро жеке қаражаттарын, 2010 және 2014 жылы шығарылған «Лексус-570» маркалы екі көлігі, сондай-ақ 2009 және 2014 жылғы «Мерседес» екі көлігі», - деді судья. 

Еске сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сонымен қатар оған материалдық жауапкершілігі жоғары мемлекеттік лауазымды иеленуге өмір бойына тыйым салынды және «Парасат» ордені қайтарып алынады.

Талғат Ермегияев 2015 жылдың 12 маусымынан бері үйқамақта болған еді. Айыптаушының ақпараты бойынша, Ермегияевтің ұлттық компаниядан жымқырған қаражат көлемі 10,2 миллиард теңгені құрап отыр. Онымен бірге 22 адам сот алдында жауап берді. Олардың негізгі бөлігі компания қызметкерлері болған. Қылмыстық іс 540 томға жетіп отыр.

Сот барысында 12 айыпталушы тергеумен келісімге келген. 14 айыпталушы өз кінәларын мойнына алды. Ермегияевтің өзі кінәні мойындаудан бас тартты. 

11 10 9 8 7 6 2 1  

Соңғы жаңалықтар