Сот Трампқа Портлендке әскер жіберуге тыйым салды

АСТАНА.KAZINFORM - Орегон штатының федералды судьясы Трамп әкімшілігіне Калифорниядан немесе кез келген басқа штаттан Ұлттық гвардия әскерін Орегон штатының Портленд көшелеріне орналастыруға тыйым салды, деп хабарлайды NBC News.

Сот Трампқа Портлендке әскер жіберуге тыйым салды
Фото: yahoo.com

Жексенбі күнгі сот отырысында АҚШ округінің судьясы Карин Иммергут Калифорнияның Ұлттық гвардияның 300-ге жуық әскери қызметкерінің Портлендке жіберілуіне тосқауыл қою туралы өтінішін қанағаттандырды.

Ақ үй мәлімдемесінде Калифорния ұлттық гвардиясының әскері Орегонға жіберілетіні айтылған.

Пентагонның ресми өкілі Шон Парнелл жексенбіде Калифорния Ұлттық гвардиясы «АҚШ миграция және кеден органдарына және ресми міндеттерді атқаратын басқа федералды қызметкерлерге, соның ішінде федералды заңдарды орындауға және федералды меншікті қорғауға қолдау көрсету үшін Лос-Анжелестен Портлендке ауыстырылып жатқанын» айтты. Орегон губернаторы, демократ Тина Котек кейбір әскерлер Орегонға сенбі күні кешке келгенін растады.

- Фактілер өзгерген жоқ. Орегонға әскер шақырудың қажеті жоқ. Портлендте тәртіпсіздік жоқ. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніп тұрған жоқ. Орегон – біздің үйіміз, әскери нысана емес. Трамп әкімшілігінің заңсыз әрекеттеріне қарсы тұру үшін сөз бостандығы құқығын пайдаланатын орегондықтар мұны бейбіт жолмен жасауы керек, - деген ол бұл әрекетті айыптады.

Техас ұлттық гвардиясының дайындық режиміне көшкені аталып өтті.

Бұған дейін Трамп Мемфиске Ұлттық гвардия әскерін кіргізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар