Сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды - ҚР ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін республиканың пенитенциарлық жүйесінде сотталғандардың арасында жазғы спартакиада басталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
«Дәстүрлі шараның негізгі мақсаты түзету орындарында жақсы моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастыру. Сондай-ақ, жазасын өтеушілердің күнделікті өмірінде дене шынықтыру мен спортты енгізіп, салауатты өмір салтын насихаттау», - деді ҚАЖ жазасын өтеушілер арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы Марат Таласбаев.
Жарыстар республиканың барлық түзету мекемелерінде болады. Спорт тәртібінің арасында футбол, волейбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру және басқа да түрлері бар.