Сотталушылар қайтыс болған қыздың отбасына 50 миллионнан аса өтемақы төлейді

АҚТАУ. KAZINFORM — Олар материалдық өтемақы ретінде 19 миллионнан астам және моральдық зиян үшін 30 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі тиіс.

Сотталушылар қайтыс болған қыздың отбасына 50 миллионнан астам өтемақы төлейді
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Бүгінгі сот отырысына Әлина Серікованың әкесі мен анасы және інісі Бауыржан Жолжан да қатысты. Сот басты сотталушы Нұргелді Сейітқалиевке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазысын тағайындады. Сотталушы Еркебұлан Аманқосқа 16 жылға, Мерей Аралбай, Жалғас Үсенғалиев пен Дархан Құлбасқа 13 жылдан берілді.

Еске салсақ, Ақтауда спортшы қызды 5 тұрғын күшпен алып кетіп, қорлап, зорлық көрсеткен еді. Салдарынан 30 жастағы қыз өзіне қол жұмсап, қаза тапты.

Бұған дейін 30 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотында Әлина Серікованың ісіне қатысты аппеляциялық сот отырысы өткенін жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар