Ақтауда қыз зорлау туралы істің бас фигуранты өмір бойына бас бостандығынан айырылды

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық алқасы спортшы қызды зорлау және өліміне қатысты істің қатысушыларына жазаны қатаңдатты.

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Сот істің бас фигуранты Нұргелді Сейітқалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыскерлердің біріне 16 жыл, қалған үшеуіне 13 жылдан жаза берелді.

Айта кетейік, Ақтауда спортшы қызды 5 тұрғын күшпен алып кетіп, қорлап, зорлық көрсеткен еді. Салдарынан 30 жастағы қыз өзіне қол жұмсап, қаза тапты. 

Бұған дейін 30 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотында Әлина Серікованың ісіне қатысты аппеляциялық сот отырысы өтті.

 

Соңғы жаңалықтар