Сотталушыларға арналған қазақстандық электронды білезікті пайдалану құны қанша

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін сотталушыларға арналған Қазақстанда шығарылатын электронды білезікті пайдалану құнын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз білезіктерге ақша шығындаған жоқпыз. Ол мемлекеттік-жекешелік серіктестік есебінен жасалады. Қазіргі уақытта инвестор аталған білезіктерді шығаратын зауыт құрылысына қаржысын салуда. Біз бір жыл бойы аталған бір білезікті пайдаланған үшін шамамен 34 мың теңге төлейтін боламыз», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол электронды білезіктерді енгізу келесі жылға жоспарланып отырғандығын айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талғарда жазасын өтеушілерге арналған электронды білезік шығаратын зауыт салынды.

Аталған зауыттың өнімі келесі жылдан бастап жазаға кесілген 6 мың адамға тағылады.

 

Соңғы жаңалықтар