Соттардан қайтарым жасалған жағдайға сәйкес болуы тиіс ? Елбасы

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қ.Мәми Президентке 2009 жылдың қорытындысы бойынша республикада сот әділдігін жүргізудің жай-күйі туралы хабардар етті, сот жүйесін одан әрі жетілдіруде қолға алынып жатқан шаралар, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде және азаматтардың заңды мүдделері мен құықтарын тиімді қорғауда соттардың рөлі туралы айтып берді. Жоғарғы сот төрағасы сотқа жолданған істердің көбейе түсуімен қатар сот әділдігін іске асыру көрсеткіштерінің жақсара түскен үрдісін атап өтті. 2008 жылы республика соттарына 2007 жылмен салыстырғанда жүз іс көп түсті. Мемлекет басшысы Қазақстанда сот жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар шаралар жүргізілгенін атап өтті. Соттардың жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасалды, еңбекақылары 60 пайызға көбейтілді. Президент соттардан қайтарым жасалған жағдайларға сәйкес болуы тиіс екендігін атап көрсетті. Осынау дағдарысты кезде соттар қолжетімді, шынайы және адал болуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар