«Сөз саптаудағы самарқаулық» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 18 наурызда, сейсенбі күні жарық көрген өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

*** «Айқын» газетінің жазуынша, сәуiр айынан бастап барлық әлеуметтiк төлемдердiң көлемi артады. Ал мүгедектерді жұмысқа орналастырудың жол картасы жасалады. Осындай әлеуметтік қорғаудың барлығын заңдық тұрғыдан бекіту үшін Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Парламентке жаңа заң жобасын енгiзді. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова депутаттар қарауына жiберілген әлеуметтiк пакеттер елiмiздегi әлеуметтiк жағынан қорғалмаған азаматтардың барлық санатын қамтитынын және осы мақсатта қанша қаржы қарастырылғанын айтып берді. - Бюджетте қарастырылған сома 53,4 млрд теңге. Оның iшiнде 51,3 млрд теңге республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларға жұмсалады, қалған 2,1 млрд теңгесi жергiлiктi билiк органдарына балаларға арналған төлемдерге, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету үшiн мақсатты трансферттер ретiнде бөлiнедi, - дедi министр. Бұл жайында «Сәуірден бастап әлеуметтік төлем артады» деген мақалада толық жазылған.

Осы басылымда «Прокурорлар қызметтен кетті» деген материал берілген. Бас прокуратура 1 наурыз күні Астана қаласында «Шанхай» дәмханасының қызметшілері мен прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында болған кикілжіңнің себептеріне қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті қорытынды шығарды. Қорытындыға сәйкес, прокуратура қызметкерлерінің Ар-ождан кодексінің нормаларын өрескел бұзғандығы және прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Абзал Заңқоев Астана қаласы прокурорының 2014 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Астана қаласының «Есіл» ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан босатылды және прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды, Ілияс Әбдуәлиев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көлік басқармасы бастығының 3 наурыздағы бұйрығымен аталмыш басқарманың аға прокуроры лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды.

*** «Жас қазақ» газетінің жазуынша, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Ғ.Мүсірепов ат. Балалар және жасөспірімдер театрының ұжымынан хат жазып отыр. «Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы, бұл қазірде Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрындағы ахуалдың ұшығы ғана. Бәрін қағазға тізіп бітіру мүмкін емес. Біздің талабымыз: Талғат Теменовты қызметінен алып, театрдың өркендеуіне жол ашыңыз! Біздің Теменовте «алты аласы, бес бересіміз» жоқ. Бірақ, қазақ деген киелі халықтың өнер жүгін арқалап жүрген азаматтар болғандықтан құлша бүгіле бергенді жөн санамадық. 68 маусым еліне қызмет етіп келе жатқан Киелі ордамыздың батпаққа батып бара жатқанына үнсіз қарай алмадық. «Адам қолымен шалажансар күйге түскен өнердің соңғы демі шыққанын күтіп жүре бермей, құтқарайық!» деген ниетімізді Сіз түсінеді, қолдайды деп сенеміз! Талабымыз орындалмаса біз сахнаға шығудан бас тартамыз!»,-делінген онда. Бұл жайында «Театр ұжымының хаты» атты материалда берілген.

*** «Экспресс К» басылымының бүгінгі санында «Богданец пошел под суд» деген материал басылды. Ақмола облысында сотқа бизнесмен Виктор Богданецке қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Оның әрекеттерін тергеуге бір жылға жуық уақыт кетті. Өткен жылдың сәуірінде Ақмола облысының прокуратурасы «Богви» ЖШС, «Агрохолдинг Жана-Бас», «Енбек-Нан» құрылтайшысы Виктор Богданецке қарсы қылмыстық істі қозғады. Ол мемлекеттік несиелерді аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінді. Бұдан кейін тергеумен қаржы полициясы айналысып, кәсіпкерді тұтқынға алды. Банк алдындағы оның қарызы 338 млн. долларға бағаланып отыр.

*** «Ана тілі» басылымының соңғы санында «Сөз саптаудағы самарқаулық» деген көлемді мақала жарияланды. Тіл мәселесі, тілді өз талабына сай дұрыс қолданудың жолдары мен тәсілдері ерекше мән беріп отыруды қажет етеді. Алайда күнделікті өмірден байқап жүргеніміздей, сөйлеу, сөйлесу кезінде көп адамдар тіл заңдылықтарын сақтауды ескере бермейді. «Қазіргі тілдік қолданыстағы өрескел қателіктің бірі - етістікке жалғанып көптік ма-ғынаны білдіретін -қ//-к жіктік жалғауының орынсыз қолданылуы. Мәселен, тілімізде ға¬сыр¬лар бойы қалыптасып, қолданылып к嬬ле жатқан «бара жатырмыз»-дың орнына - «бара жатырық», «оқып отырмыз»-дың ор¬нына «оқып отырық», «келіп тұрмыз»-дың орнына «келіп тұрық», «барып жүрміз»-дің орнына «барып жүрік» болып айтыла бас¬тағанына біраз уақыт болды»,-деп жазады мақала авторы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум