16:52, 25 Маусым 2016 | GMT +5
Созақта «Ардагерлер үйінің» іргетасы қаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Созақта «Ардагерлер үйінің» іргетасы қаланды. Ғимарат аудан орталығы Шолаққорған ауылында салынуда, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осы уақытқа дейін аудандық ардагерлер үйі әкімшілік ғимаратының бір бөлмесінде болатын. Алайда тар бөлме ел ағаларының келелі кеңес құрып, елдің мәселесін талқылауға қиындық тудырған.
Осы орайда Созақтың тумасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Тұрысбеков игі іске бастамашы болып, демеушілік көрсетті.
Аудан әкімі М.Исаев бастаған ардагерлер үйінің іргетасын қалау рәсіміне 12 ауыл әкімшілігі мен ел сөзін ұстаған ақсақаладар қатысты.
Жалпы көлемі 263 шаршы метрді құрайтын ғимарат мәжіліс залы және ардагерлерге арналған демалыс залы сынды басқа да қажетті бөлмелермен қамтылған.