SpaceX ғарыш кемесі сынақ кезінде жарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Техас штатында Starbase стендінде статикалық өрт сынағы кезінде Starship Ship36 зымыранының прототипі жарылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

SpaceX ғарыш кемесі сынақ кезінде жарылып кетті
Фото: x.com/NASASpaceflight

NASASpaceFlight онлайн-трансляциясының көрермендері аталған оқиғаға таңданыстарын білдірді. 

Оныншы сынақ ұшуына арналған Starship зымыранының прототипі жердегі сынақ стендінде күрделі апатты жағдаймен бетпе-бет келді. Зымыран отынын толтыру кезінде күшті жарылыс болды. 

– Біздің Starbase ұжымы сынақ нысаны мен оның маңындағы аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті билікпен белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын елді мекендердің тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. Қауіпсіздік шаралары аяқталғанша жұмыс аймағына жақындамауларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады компания өкілдері. 

Бұған дейін Starship кемесін тоғызыншы рет сынақтан өткізу сәтсіз аяқталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар