SpaceX ғарышқа 6-рет сынақ кемесін ұшырды

АСТАНА.KAZINFORM - SpaceX компанияның негізін қалаушы Илон Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп Starship ғарыш кемесінің ұшырылуын бірге тамашалады, деп хабарлайды BBC.

SpaceX plans orbital refueling test, paving way for moon and mars missions
Collage credit: Canva

Илон Маск сайлауда Трампты белсенді түрде қолдады және Трамп әлемдегі ең бай адамды мемлекеттік қызметтегі шығындарды азайтумен айналысатын департаментке басшы қылмақшы.

Starship жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де жер шарының жартысына сынақ рейсімен ұшты.

Super Heavy зымыран-тасымалдағышы кемені жылдамдатып, бірнеше минуттан кейін бөлініп, Мексика шығанағына сәтті құлады. Бұл жолы алдыңғысынан айырмашылығы, SpaceX техникалық себептерге байланысты оны платформаға қондырмауға шешім қабылдады.

Starship ұшуын жалғастырып, жоспардағыдай 45 минуттан кейін Үнді мұхитына құлады