10:06, 02 Маусым 2017 | GMT +5
SpaceX компаниясы ХҒС-қа зымыран ұшыруды кейінге қалдырылды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Америкалық SpaceX компаниясы бейсенбі ұшырылатын Dragon жүк кемесін Халықаралық ғаршы стансасына жіберуді кейінге қалдырды. Найзағайға байланысты зымыран ұшатын уақытқа бірнеше минут қалғанда кейінге қалдырылды, деп жазды компания Туиттердегі парақшасында.

Канаверал (Флорида штаты) мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшыру 3 маусымға ауыстырылды. Резервтік старт сенбі күні АҚШ-тың шығыс жағалауындағы уақытпен сағат 17:07-де басталады.
Айта кетерлігі Dragon зымыраны халықаралық ғарыш стансасына азық-түлік, 250-ге жуық ғылыми тәжірибе жасауға арналған материалдардан тұратын 2,7 тоннаға жуық жүк жеткізуге тиіс.