Спорт басылымдары қауымдастығының басшысы І. Омаров Азиялық спорт басылымдары одағының атқарушы комитетінің құрамына кірді (ФОТО)

Спорт журналистикасы ортасында «БҰҰ Бас Ассамблеясы» болып табылатын АИПС форумы осы жолы 100-ден астам елден 200-ден астам делегат жинады. Қазақстан атынан Спорт басылымдары қауымдастығының президенті (АСПК) Ілияс Омаров пен қауымдастық бас хатшысы Станислав Филиппов қатысты.
Форумның ашылу рәсіміне Катар мемлекетінің премьер-министрі шейх Абдулла Бин қатысты.
Қатысушылар заманауи спорт журналистикасының өзекті проблемаларын талқылады.
Конгресс бағдарламасының аясында делегаттар жыл сайын Катарда атап өтілетін дәстүрлі Спорт күніне қатысты, Qatar Foundation және Aspire Academy спорт мектебіне барды, сондай-ақ 2022 жылы осы елде өтетін футбол бойынша Әлем чемпионатына спорт құрылыстарын салу барысымен танысты.
Қазақстандық делегация өкілдері өңірлік секцияларға, Конгрестің пленарлық пікірсайыстарына қатысты. Форум алаңдарында көптеген шетелдік әріптестермен екіжақты кездесулер өткізді. Оның барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің шағын таныстырылым сериясы ұйымдастырылды.
Форум қатысушылары елдің спорттық жетістіктерінің жоғары деңгейін атап өтті, оның ішінде Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Зарина Диас, Алексей Полторанин, Денис Тен сияқты атақты спортшылар бар. Олардың айтуынша, Астанада өтетін ЭКСПО-2014 көрмесінің ұраны «Болашақ энергиясы» өзекті проблемаларды қамтиды. Ол терең зерттеп, талдауды қажет етеді.
Дохада өткен конгрестен кейін азиялық континет қатысушылары Бахрейн Корольдігінің астанасы - Манамеде Азиялық спорт басылымдары одағының (ASPU) 18-ші конгресінде жиналды.
ASPU жоспарлы отырысының барысында қауымдастық президенті Ілияс Омаров Алматыдағы қысқы Универсиада мен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін таныстырды.
Манамедегі кездесудің маңызды сәттерінің бірі 2016-2022 жж. аралығы кезеңінде Азиялық спорт басылымдары қауымдастығы Атқарушы комитетінің жаңа құрамын сайлау болды. Сайлау қорытындысы бойынша Ілияс Омаров Біріккен Араб Әмірліктері өкілдерімен қатар, көп дауыс жинап, алғаш рет ASPU ЕО-дағы Қазақстан өкілі атанды.