Спорт министрлігі жаңа ереже туралы: Мақсат - баланы жарақаттан сақтау

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі 16 шілдеде бекітілген №133 бұйрыққа қатысты мәлімдеме жасады. 

Спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасы белгіленді
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

– Жарыстар кезінде физикалық және эмоциялық жүктемелер болады. Осыған орай, министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.

Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсынысы негізінде әзірленіп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және халықаралық стандарттарға сай келеді. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды, - делінген хабарламада. 

Бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады.

Жас ерекшеліктеріне байланысты қойылған шектеулер жөніндегі толық ақпарат кестеде көрсетілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» мен БИІК арасындағы ойын айтулы оқиғалармен есте қалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар