Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – 5-8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Бұл құрлықтық біріншілікте еліміздің намысын ересектер және жасөспірімдер құрамалары қорғайды. Құрамға төмендегі гимнастар енді:
Ересектер:
- Милад Карими - еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар
- Ілияс Әзізов - жекелей көпсайыс
- Дмитрий Патанин - жекелей көпсайыс
- Нариман Курбанов - ат снарядындағы жаттығулар
- Әлішер Тойбазаров - жекелей көпсайыс
- Роман Маменов - жекелей көпсайыс
Жасөспірімдер:
- Нұртан Ыдырысов - жекелей көпсайыс
- Роман Хегай - жекелей көпсайыс
- Артём Ковалёв - жекелей көпсайыс
- Владислав Бабушкин - жекелей көпсайыс, еркін жаттығулар, ат снаряды, сақиналар және қоссырықтағы жаттығулар
- Андрей Терман - жекелей көпсайыс, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар
- Өмірсерік Досжан - қосалқы спортшы, жекелей көпсайыс
Айта кетейік, Астанада үш күндік халықаралық ат спорты жарыстары мәресіне жетті.