Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Курбанов алтын, Карими күміс жүлде алды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Нариман Курбанов чемпион атанды. 

қос жүлде
Фото: Olympic.kz

Гимнастикалық ат снарядында Курбановқа үздік нәтиже көрсетті. Ол аталған жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын жүлдеге ие болды. 

Бұл жарыста екінші орынды өзбекстандық Абдулла Азимов алды. Ол 14.633 ұпайымен күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал, үздік үштікке иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад қол жеткізді. 

Тағы бір отандасымыз Милад Карими болса, еркін жаттығуда үздіктер арасынан табылып, күміс жүлдегер атанды. Бұл оның Ташкенттегі екінші күмісі екенін айта кеткен жөн. Бұған дейін Милад көпсайыста үздіктер қатарынан көрінген еді. 

Соңғы жаңалықтар