Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Азия чемпионаты биыл 5-8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтеді.

Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы тәжірибелі спортшыларды алып барды. Оған Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Тайбэй және басқа елдерден мықты гимнастшылар келеді.
Ұлттық құрама жақында өткен ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардан жасақталған. Олардың қатарында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, бірнеше мәрте Азия чемпионы және жүлдегері Нариман Құрбанов, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Милад Карими және Ілияс Әзізов, Дмитрий Патанин, Әлішер Тойбазаров бар.
Сондай-ақ жасөспірімдер құрамасында Роман Мамедов, Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артем Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Досжан Өмірсерік ел намысын қорғайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өткен Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды.