15:18, 25 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы «жылдамдық» бағдарламасында 1/8 финалға жолдама алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, іріктеу кезеңінде Маймұратов 15-орынға тұрақтады. Плей-оффқа 16 спортшы өткен болатын.
Ришат Хайбуллин 23-орын алды, Бекнұр Алтынбеков – 26-орын, Жандос Қалибай – 30-орын, ал Дамир Тоқтаров – 50-орын иеленді.
Жүлделер 25 қыркүйекте сарапқа салынады.
Айта кетейік, 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жекелей стипендиясын алған қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды.