Спортты дамытуға үлес қосқан азаматтар бірнеше аталым бойынша марапатталады

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі ашық талқыға шығарған бұйрық жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықаралық кешенді және ресми спорттық іс-шаралардың қорытындысы бойынша «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы», жергілікті жерлердегі дене шынықтыру мен спорттың дамуына қосқаны үлесі үшін «Ауылдық жердегі үздік спорттан нұсқаушы», республикалық және халықаралық спорт жарыстарында тәрбиеленушілердің үздік спорттық нәтижелері үшін «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» номинациялары бекітілсін. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық спорт жарыстарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Спорттың ойын түрлері бойынша үздік команда», дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын білім ұйымдарына «Жылдың үздік мектеп-интернат-колледжі», халықаралық спорттық жарыстардың чемпионадары мен жүлдегерлеріне «Жылдың серпіні», республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген жасөспірімдерге «Ел үміті», Қазақстанда спорттың дамуына қосқаны зор үлесі үшін жеке және заңды тұлғаларға «Жылдың үздік меценаты» номинациялары тағайындалсын», - делінген бұйрықта.
Мұндай ұсыныс Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» және «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің бірлік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауларын орындау мақсатында қолға алынған.