Стақаннан басын шығара алмаған тиінді шұғыл қызмет құтқарды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Коннектикут штатында авариялық-құтқару қызметіне ерекше тапсырма келіп түсті: тиінді құтқару. Құтқарушылар пластикалық стақаннан басын шығара алмаған тиінді аман-есен босатуға тырысты.

Стақаннан басын шығара алмаған тиінді шұғыл қызмет құтқарды (ВИДЕО)

 Facebook-қа   Enfield EMS  ұйымы  байғұс тиін басын стақаннан шығара алмай жатқан бейнежазба орналастырды.  Тиін ауада қарғып-секіріп, «пластикалық» дулығадан басын босатуға тырысып-ақ бақты, бірақ қолынан келмеді.