Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін жоғарылатты

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін жоғарылатты. Бұл туралы Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының шетел валютасына ұзақ мерзімді суверенді кредиттік рейтингін «ВВВ» деңгейінен «ВВВ+» деңгейіне дейін, шетел валютасына қысқа мерзімді рейтингін «А-3» деңгейінен «А-2» деңгейіне дейін көтерді, қысқа мерзімді рейтинг «ВВВ» деңгейінде расталды, барлық рейтингтер бойынша болжамдар «Тұрақты» деңгейінде сақталды», - делінген таратылған хабарламада.

Қазақстанның шетел валютасына ұзақ мерзімді суверенді кредиттік рейтингісінің «ВВВ» деңгейінен «ВВВ+» деңгейіне дейін жетуі ел тарихында алғаш рет орын алып отыр.

Осылайша, Қазақстан Республикасы ТМД елдері ішінде Standard&Poor's-шетел валютасы рейтингі бойынша алғашқы орынды иелене отырып, «ВВВ» рейтингісінде орналасқан (Ресей, Болгария, Литва, Бахрейн, Перу, Мексика) елдерден алға шықты және «ВВВ+» рейтингісінде орналасқан Ирландия, Оңтүстік Африка, Таиланд елдерімен қатарласты.

Шетелдік валюта бойынша ұзақ мерзімді рейтингте Малайзия, Польша және Ботсвана («А-») тәрізді елдер Қазақстаннан жоғары орналасқанын атап өткен жөн.

Standard&Poor's пікірі бойынша шетелдік валюта рейтингісінің жоғарылауы профицит салдарынан фискалды және сыртқы икемділігінің жақсаруын, мұнай өндірісінің ұлғаюы мен оған бағалардың өсуінен қарқынды экономикалық өсімді, пруденциалды фискалдық саясатты және тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты жоғарғы ағымын көрсетеді. Сонымен қатар, рейтинг елдің тұрақты қаржы және сыртқы балансының, табиғи ресурстардың үлкен қоры мен тікелей сыртқы инвестициялардың циклдық емес ағымының нәтижесінде тұрақталып отыр.

Осымен бірге, рейтингті баяулататын факторлар ретінде шектелген ақша икемділігі мен 2011 жылы ЖІӨ жан басына шаққандағы 11000 АҚШ доллары көрсеткішінің болжамымен экономика дамуының бір қалыпты деңгейі белгіленген.

Рейтингтің «Тұрақты» болжамы Standard&Poor's талдаушыларының қуат көздеріне бағаның жоғары болуы және мемлекеттік шығыстар өсуге ынталандырады және Қазақстанның фискалды және сыртқы ұстанымдарын сақтайды деген болжамын көрсетіп отыр

ҚР ЭДСМ елдің суверенді кредиттік рейтингінің жоғарылауын оның бәсекеге қабілеттілігі мен ҚР Үкіметінің несиеге қабілеттілігін тура бағалаудағы оң өзгеріс деп санайды. Кредиттік рейтингтің жақсаруы, ең алдымен, мемлекеттің әлемдік аренадағы беделіне әсер етеді, сондай-ақ, мемлекеттің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейте отырып елге шетелден тартылатын қаржыға ставкалардың көлемін төмендету мүмкіндігі, қазақстандық бағалы қағаздар құнының әлеуетті артуы, әлемдік қаржы нарықтарына қол жетімділіктің кеңеюі, әлеуетті инвесторлардың базасы мен олардың географиясын әртараптандыру түрінде артықшылықтар береді.

Тәуелсіз рейтингтер оның юрисдикциясы шеңберінде қолданылатын барлық басқа эмитенттердің рейтингісі анықталатын белгілі бір «жоғарғы шегі» болып табылады. Елдің тәуелсіз кредиттік рейтингін арттыру - елдегі барлық компаниялар-резиденттердің рейтингілері өсуі үшін және олар үшін халықаралық қарыздар бойынша пайыздық ставкалардың төмендеуі үшін мүмкіндіктер ашады.

Соңғы жаңалықтар