17:23, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Standard & Poor's рейтинг агенттігі Еуразия даму банкінің ағымдағы рейтингін мақұлдады
АЛМАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Standard & Poor's рейтинг агенттігі Еуразиялық даму банкі туралы жаңартылған рейтингтік қорытындысын жариялады. Онда халықаралық қаржы институтының ағымдағы рейтингі ұзақ мерзімде "ВВВ", қысқа мерзімде "А-3" деңгейінде мақұлданды. Бұл банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығы мен қатысушылар тарапының мықты қолдауын дәлелдеп отыр.
Еуразия даму банкін 2006 жылдың қаңтарында Қазақстан мен Ресей бірлесіп құрған болатын. Жарғылық капталы 1,5 миллиард АҚШ долларынан асатын халықаралық бұл қаржы институтына мүше-мемлекеттердің қатарында Қазақстан мен Ресейден басқа, Беларус, Тәжікстан, Армения және Қырғызстан республикалары бар.