Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.

Станислав Черчесов
Фото: kff.kz

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде хабарлады.

Станислав Черчесов футболшы мансабында Ресейдің «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және Германияның «Динамо» (Дрезден) клубтарында ойнаған.

Бапкерлік қызметінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда еңбек етті. Сондай-ақ ол Ресей құрамасы, Польшаның «Легия», Венгрияның «Ференцварош» командаларында бас бапкер болды.

Бапкерлік мансабында Ресей чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Польша чемпионы, Польша кубогының жеңімпазы атанды. Оған Венгрияның екі мәрте чемпионы және кубогының иегері болды.

Ресей құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Магомед Адиев Қазақстан футбол құрамасы бас бапкері қызметінен кетті.

Магомед Адиев 2022 жылдың 27 сәуірінен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келді.

Содан бері 22 ойынның 11-інде жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.

Қазақстан құрамасы енді 7 мамырда Армения, 10 маусымда Әзрбайжан құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар