Стансадағы өрттен кейін жарықсыз қалған қарағандылықтарға электр қуаты шетінен беріліп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қосалқы станса өртенген соң жарықсыз қалған көшелерге біртіндеп электр қуаты беріліп жатыр. Абоненттердің 30% қосылған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Рүстем Қожақапанов алдағы сағатта электрсіз қалған барлық тұрғындар желіге қосылатынын айтты.

«Ажыратылған абоненттердің 30% қайта қосылды, енді 70% қалды. Біз оларды бір сағат ішінде қосамыз», - деді әкім орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда орталық көшелердің бірінде «Қарағанды Жарық» ЖШС қосалқы стансасында өрт болған.

Төтенше жағдай салдарынан қаланың бірнеше көшесі электр қуатынсыз қалды.

«23 шілде күні сағат 13:15-те Сәтбаев көшесіндегі өрт туралы хабар түсті. «Қарағанды Жарық» ЖШС қарасты №4 трансформаторда 15 шаршы метр аумақта трансформатор майы жанып жатты. ТЖД күш-құралдары 14:24 кезінде өртті сөндірді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД.


Соңғы жаңалықтар