«Startup «Bolashak» байқауы реалити-шоу форматында өтеді
«Өтініш берушілерді іріктеу жұмыстары 3-4 ай бойы жүргізіледі. Бірінші кезеңде біз ең үздік 20 жобаны таңдап аламыз. Екінші кезеңде осы 20 адамның ішінен 10 адам іріктеліп алынады. Осы 10 үздіктің ішінен ең мықты 3-еуін таңдап аламыз. Міне, осының барлығы телеарнадан арнайы жоба ретінде көрсетілетін болады», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев. Оның айтуынша, аталған реалити-шоу 2015 жылдың желтоқсан айында жүргізіле бастайды. Бағдарлама аясында жас кәсіпкерлер өздерінің конкурсқа даярлығын көрсетіп, қатысу кезінде қандай өзгерістер орын алғанын көрсете алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың тәжірибесі Қазақстанның барлық жастарына үлгі болмақ. Айта кетейік, конкурстың жүлде қоры 25 млн. теңге, оған 18-29 жас аралығындағы барлық жастар қатыса алады.