Стати ісін реттеу: Қазақстанның Ұлттық қорына 80 млн доллар қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қорға 80 млн доллар сомасында қайтарылған актив туралы түсінік берді.

ҰБ басшысы Ұлттық қордан балаларға ақша аударуға әсер етенін факторларды айтты
Фото: Kazinform

- Менің ойымша, бұл жағдай кейінгі күндері жарияланған жағымды жаңалықтардың бірі. Өздеріңіз білетіндей, бұл активтер біраз уақыт бұрын бұғатталған еді, яғни 10 жыл бұрын болды. Ұлттық қордың 80 миллион долларға тарта қаражатына тыйым салынды. Тиісті реттеу іс-шараларының аясында, Үкімет пен Ұлттық банктің ауқымды жұмысының нәтижесінде Ұлттық қордың активтері қайтарылды. Бұл тұрғыда 80 млн доллар Қазақстанның Ұлттық қоры иелігіне қайтарылды, - деп нақтылады Т. Сүлейменов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін Әділет министрлігі Стати ісінің төңірегіндегі көпжылдық дау Қазақстан тарабы үшін сәтті реттелгенін хабарлаған еді. 

Жақында Ұлттық банк Стати ісінің түпкілікті реттелуі Ұлттық қордың активтеріне қалай әсер еткенін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар