Статистика агенттігінің еліміздің аймақтарындағы өкілдіктері жергілікті атқарушы органдардан қысым көріп отыр - Премьер-Министр

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың пікірінше, Статистика агенттігінің еліміздің аймақтарындағы өкілдіктері жергілікті атқарушы органдар тарапынан қысым көріп отыр. Бұл туралы ол бүгін Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.
None
None

«Статистика агенттігінің аймақтардағы өкілдіктерінің жергілікті атқарушы органдар тарапынан қысым көріп отырғаны белгілі.

Өйткені ешкімнің басшылық тарапынан сөз естігісі келмейді. Соған қарамастан агенттік өкілдеріне өте дәл әрі тура ақпарат берудің маңызы зор. Себебі республиканың қандай да бір аймағында, айталық бағаның өсу жағдайлары орын алған жағдайда, біз бұл мәселе бойынша жедел шешім қабылдай алуымыз керек», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің айтуынша, өткен жылы «Мемлекеттік статистика туралы» жаңа заң қабылданды. «Меніңше, бұл болашаққа деген қарышты қадам. Өйткені заң біздің әрі қарай ұмтылуымызға жақсы мүмкіндік жасайды», - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар