СТАТИСТИКА: Ақмола облысы халқының саны жыл басынан бері 516 адамға көбейді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша жылдың басынан бері өңір халқының саны 516 адамға көбейген.
None
None

2015 жылдың 1 ақпанындағы алдын ала деректер бойынша облыс халқының саны 775 044 адамды құрады. Соның ішінде 347 620 адам немесе 47,1 пайызы қалада тіркелген болса, 389 424 адам немесе 52,9 пайызы ауылдық жерде тұрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыс халқының саны 516 адамға көбейгендігін білдіреді. Оның ішінде 396 адам табиғи өсімімен, 120 адам көші-қон арқылы көбейіп отыр.

Жалпы, Қазақстан Республикасы халқының саны 17 439 271 адам болса, оның 4,2 пайызы Ақмола облысының үлесінде.

Соңғы жаңалықтар