10:13, 28 Маусым 2010 | GMT +5
Статистика департаменті Павлодар облысы тұрғындарының кірісі мен шығын көлемін есептеді
ПАВЛОДАР. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы үй шаруашылықтарын ішінара тексеру қорытындысы бойынша бірінші тоқсанда тұтынуға қолданған кіріс мөлшері орта есеппен бір адамға бір айда 24 382 теңгеден келген,

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Бюджеттің қалыптасуы 91 пайыздық жалпы кірісті әкелген ақша қаражаты есебінен қалыптасып отырған.
Айлық ақшалай шығын орта есеппен бір адамға - 22 171 теңгеден келген (қалаларда - 25 358, ауылдарда - 16 709 теңге).
Халық айлық бюджеттен азық-түлік тауарларына - 40,4 пайыз, басқа тауарларға - 31,6 пайыз, ақылы қызметтеркег 28 пайыз жұмсайды екен.