Статистикалық мәлімет неғұрлым дәл болса, басқару шешімі де соғұрлым тура болады - К. Мәсімов

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазіргі таңда елде «Электронды Үкіметті» дамыту мәселесіне баса көңіл бөлінуде. Бұған қажетті ресурстар да жеткілікті. Ал, Статистика агенттігі осы ретте базалық мәліметтердің біркелкі болуын назарда ұстауы қажет
None
None

Бүгін Статистика агенттігінің 2010 жылы атқарған жұмыстары мен 2011 жылғы жоспарларына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов агенттіктің алдына осындай міндет қойды.

Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, агенттік өкілдері статистикалық мәліметтің барынша дәл, әрі біркелкі болуына күш жұмылдырылғаны дұрыс. Дегенмен, базалық мәліметтердің тым көп болғаны да жөнсіз.

«Статистикалық мәліметтердің қорытындысы интернетте жарияланған. Оны ғаламторды пайдаланушы кез келген азамат өзінің қажетіне жарата алады. Сондықтан, болашақта бұл бағыттағы жұмыстар да жалғасын табуы керек. Осы жол арқылы азаматтар мен шаруашылық субъектілері өкілдерінің статистикалық мәліметтердің дәлдігіне көздерін жеткізе аламыз. Статистикалық мәлімет неғұрлым дәл болса, басқару шешімі де соғұрлым тура болады», - деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар