Статистиктер Павлодар облысындағы ауа, су мен жерге қанша мөлшерде қоқыс заттары шығарылғанын есептеді

ПАВЛОДАР. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Былтырғы жылы Павлодар облысы аумағының ауасына өнеркәсіптер 561 мың тонна қалдық заттарын шығарған,
None
None

деп хабарлайды статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде 60,8 пайызды - газ және қою заттар, 39,2 пайызды қатты заттар құрайды. Ауаны негізгі ластаушылар электар қуатын, газ бен су өндіретін кәсіпорындар болып отыр (75,6 пайыз).

Табиғат байлықтарын пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғауға 2009 жылығы 17,8 млрд. теңге төлеген, бұл алдыңғы жылдармен салыстырған 1,6 есеге көп.

Қоршаған ортаға нормаға сәйкес ластаушы заттар шығарғаны үшін кәсіпорындар төрт млрд. теңгедей қаражат бөлген.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама ережесін бұзғандарға 10,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар