Степногор қаласында сейф ұрлаған Ресей азаматы қолға түсті - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Степногор қалалық ішк істер бөлімінің жедел топ өкілдері кәсіпкердің кабинетінен сейф ұрлаған Ресей азаматын ізін суытпай қолға түсірді.
None
None

Кешкілік «Весна» сауда орнын жалға алушы директор кабинетінің ашық қалғанын иесіне хабарлайды. Келсе шынында да есігі ашық, ішіндегі сейф ізімғайым жол. Ұрлықтан хабар алған қалалық полицияның жедел топ өкілдері күдіктіні қолға түсіріп, ол қылмысын мойындады. Бұрындары И.есімді 1990 жылғы Ресей азаматы осы сауда орнында күзетші болып істеген. Сейфті алып шыққанымен оның ішіндегі 180 мың теңгеге қолы жетпеген. Өйткені сейфтің сақтық кодынан бейхабар болып шықты. Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК-сінің 175-ші бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Жәбірленушінің айтуынша, оған 260 мың теңге мөлшерінде шығын келтірілген.

Соңғы жаңалықтар