14:59, 14 Қаңтар 2011 | GMT +5
Степногор қаласында терминалды тонап, байымақ болған үш күдікті қолға түсті
КӨКШЕТАУ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Степнгор қаласында ұялы телефон терминалын тонамақ болған үш күдікті қолға түскен.

Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ел аман жұрт тынышта қалалық ауруханадағы ұялы телефон төлемдерін өтеуге арналған терминалды 1975-ші жылғы З., 1972 жылғы Б., 1985 жылғы С.есімді қарақшылар бұзып, 40 мың 300 теңгесі бар кассалық жабдықты алып кетеді. Жымысқы әрекеттері алысқа бармай ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қолына түскен. Күдіктілер терминал иесіне 460 мың 555 теңге зиян келтірген. Қазір оңай олжаға кенелмек болған үш күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.