Степногор қаласындағы апатты жағдай қалыпқа келтірілуде

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағындағы Сілеті су қоймасында апатты жағдайдың қалыптасуы салдарынан Степногор қаласының тұрғындары ауыз су мен жылудың мөлшерлеп берілуін бастан кешірген болатын.
None
None
Қазіргі уақытта шұғыл шара қолданудың нәтижесінде өзекті мәселе ретке келтіріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Апаттың алдын алу мақсатында қаланың барлық коммуналдық шаруашылық құрылымының жұмысын бақылауда ұстап, бір арнаға тоғыстыру нәтиже бере бастады. Сонымен қатар облыстық деңгейдегі мекемелер мен құрылымдар техникамен, білікті мамандармен жәрдемдесіп жатыр. Су қоймасындағы келеңсіздік салдарынан қаланы сумен қамтуды шектеу жылу электр стансысының ырғақты жұмысына кері әсерін тигізді. Тіпті тұрғындардың жылу құбырларынан су алуы жағдайды ушықтырып жіберген. Істің насырға шабуының басты себебі - су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілмегендігі. Облыс әкімі Альберт Рау төтенше жағдайды тікелей өз бақылауына алып отыр.
Соңғы жаңалықтар