Степногор қаласындағы балалардың жаппай улануы ас сапасыздығынан орын алған

КӨКШЕТАУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұат Жанайдаров/ Степногор қаласындағы мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде жеті сәби мен тәрбиешінің көмекшісі ас сапасыздығынан уланып, ауруханаға жеткізілгендігі анықталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологогиялық қадағалау басқармасының бастығы Қасымжан Тәшметовтың айтуынша, балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерінің улануы асты әзірлеудегі санитарлық нормаларды дұрыс сақтамаудан болған. Айтулы мекеме 200 балаға арналғанымен мұнда 225 жеткіншек тәлім-тәрбие алып келеді. Келеңсіз жағдай орын алған уақытта 25 бала суық тиіп ауырып жүрген көрінеді. Санитарлық қадағалау барысында асты дайындауда, тағамдарды тексерістен өткізу кезінде келеңсіздікке жол берілгендігі, аспаздардың жеке гигиенаны сақтамауы, қызметтеріне жауапсыз қарағандығы айқындалып, тиісті шара қолданылған. Балғындар мен мекеме өкілі ауруханада ем-дом қабылдап, сауығып шыққан. Қазір балабақша бір қалыпта жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар