18:33, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Степногор қаласының Зауыт кентінде жеті жасар қызды өлтірген қылмыскер ұсталды
АСТАНА. Ақпанның 20-ы. ҚазАқпарат – Бүгін таңғы сағат бестер шамасында Степногор қалалық ауруханасына кеудесінен пышақ жарақатын алған Зауыт кентінің 40 жасар тұрғыны мен оның пышақ жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған 7 жасар қызының денесі жеткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жәбірленуші кенттегі өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметінде жұмыс істейтін де, оның қызы жергілікті мектептің екінші сыныбында оқушы еді.Аса қатыгездікпен жасалған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен, осы кенттің тұрғыны, жәбірленушіге туыс болып келетін 41 жастағы азамат ұсталды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабының 1 бөліміне сәйкес, тергеу органдары қылмыстық іс қозғады және қылмыстың себептері анықталуда.Күдікті уақытша оқшаулау қапасына қамалды.